Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стадионға келген жанкүйер танымал футболшының басын жарып қойды (фото)

Опубликовано:

Дэви Классен жасыл алаңда
Дэви Классен. Фото: instagram/afcajax

Нидерланд біріншілігінде ойнайтын "Аякстың" футболшысы Дэви Классеннің басы жарылып кетті. Бұған стадионға келген жанкүйер кінәлі болып шықты, деп хабарлайды РИА спорт сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқыс жағдай Нидерланд кубогі жолында кездескен "Аякс" пен "Фейенорд" арасындағы матчта болған.

Ойынның 60-минутында трибунадағы жанкүйерлердің бірі Классеннің басына белгісіз затты лақтырып жібереді. Аталған жағдайдан соң жарты сағат бойы ойын тоқтатылған.

Нидерланд басылымдарының хабарлауынша, Классеннің басына оттық лақтырған жанкүйерді полиция қызметкерлері ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015802-stadionga-kelgen-zankuier-tanymal-futbolsynyn-basyn-zaryp-qoidy-foto/

pixel