Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ұлттық құрамасы Италияда тарихи матч өткізетін болды

Опубликовано:

футбол
Асхат Тағыберген мен Бақтиер Зайнутдинов жасыл алаңда. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Италияда тарихи матч өткізетін болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан футбол федерациясының Youtube желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұл туралы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген "ДНК футбола" бағдарламасында айтты.

"Біз Италияның Парма қаласында Сан-Мариномен ойнаймыз. Олар стадионын жауып тастаған", - деді ол.

Бұған дейін ұлттық құрама Италияда бірде бір кездесу өткізбеген. Маңызды матч 16 наурызда болмақ.

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурызда Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді. Алдымен отандық футболшылар Словенияға (1:2) есе жіберсе, екінші турда Даниядан (3:2) басым түсіп, сенсация жасады.

Осыдан соң ұлттық команда Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте үш сатыға көтерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015831-qazaqstan-ulttyq-quramasy-italiyada-tarixi-matc-otkizetin-boldy/

pixel