jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Даниядан жеңісті жұлып алды (видео)

    Исламхан
    Бауыржан Исламхан жаттығу барысында. Фото: ҚФФ

    Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Данияға қарсы матч өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Астана" аренада өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Есеп 3:2. Гол авторлары: Хейлунн (дубль) - Бақтиер Зайнутдинов (он бір метрлік айып добынан), Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов.

    Қазақстан мен Дания кездесуі басталғанға дейін спорт сарапшылары мен жанкүйерлер "қонақтар" жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда ұлттық құраманың ойыншылары 0:2 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды.

    Тартысты матчтың нүктесін қойған Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов 95-минутта "қызыл" қағаз алып, алаңнан қуылды. Енді ол 17 маусымда өтетін Сан-Мариноға қарсы матчқа қатыса алмайды.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчын Словенияға қарсы өткізіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды.

    Қазіргі уақытта ұлттық құраманың қоржынында үш ұпай бар.

    Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Даниядан жеңісті жұлып алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.