Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина Тоқаевқа сыйлық жасады (фото)

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қандай сыйлық жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін президенттің Елена Рыбакинаны Ақордада қабылдағанын жазған едік.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде керемет өнер көрсеткен Елена Рыбакинаны құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде отандық теннисші жеңіс тұғырынан көрінген сәттерінде қолдау білдіргені және жүрекжарды құттықтауларын жолдағаны үшін Президентке алғыс айтты. Елена Рыбакина алдағы уақытта да беделді халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Сонымен қатар оның мемлекет басшысына Wimbledon 2022 атты кітап сыйға тартқанын БОРТ N1 Телеграм каналы жариялады.

"Лена құр қол келмепті. Wimbledon чемпионы президентке осындай кітап сыйлады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016637-rybakina-toqaevqa-syilyq-zasady-foto/

pixel