Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны қабылдады (фото, видео)

Опубликовано:

Елена Рыбакина мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Елена Рыбакина мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал теннисші Елена Рыбакинаны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президент Елена Рыбакинаны Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде сәтті өнер көрсетуімен құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірген.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандық теннисшілердің жетістігі өскелең ұрпақ арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға септігін тигізеді.

Өз кезегінде Елена Рыбакина жеңіс тұғырынан көрінген сәттерінде қолдау білдіргені және жүрекжарды құттықтауларын жолдағаны үшін президентке алғыс айтқан. Даңқты теннисші алдағы уақытта да беделді халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізген.

Сонымен қатар мемлекет басшысы қазіргі таңда елімізде 30 мыңнан аса адам тенниспен шұғылданатынына тоқталған. Оның 10 мыңнан астамы - 10 жасқа дейінгі балалар. Осы спорт түріне бұқаралық сипат беру мақсатында еліміздің 17 аймағында теннис корттары салынған. Сондай-ақ Baby tennis, "10 жасқа дейінгі теннис" секілді жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр.

Тоқаев Елена Рыбакинаны қабылдады
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны қабылдады. Фото: aqorda.kz

14-15 сәуір күндері Астанада алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы өтеді. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Польша командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама алады.

Президенттің сөзінше, халықаралық деңгейдегі мұндай іс-шараларды ұйымдастыру еліміздегі теннистің даму деңгейін арттыруға тың серпін береді.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған отандық теннисшілерге де сәттілік тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2016630-memleket-bassysy-tennissi-elena-rybakinany-qabyldady/

pixel