Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Сағындық Тоғамбай конголық қарсыласын ұтып кетті

Опубликовано:

Сағындық Тоғамбай шаршы алаңда
Сағындық Тоғамбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жарыс күні басталды. Бүгін рингке көтерілген Сағындық Тоғамбай қарсыласын оңай жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

86 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Сағындық алғашқы кездесуінде Конго Демократиялық республикасының өкілі Натан Нланду Мбелиді жеңді.

Осылайша, қазақ боксшысы әлем чемпионатының 1/8 айналымына өтті.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Айбек Оралбай (92 келі) мен Талғат Сырымбетов (60 келі) алғашқы кездесулерін жеңіспен аяқтаған болатын.

Бүгін шаршы алаңға 63,5 келіде өнер көрсететін Санатәлі Төлтаев та шығатынын еске саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019046-bokstan-alem-cempionaty-sagyndyq-togambai-kongolyq-qarsylasyn-utyp-ketti/

pixel