Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ПСЖ" араб еліне рұқсатсыз кетіп қалған Мессиді қатаң жазалап, 14 күнге ойыннан шеттетті

Опубликовано:

Лионель Месси
Фото: instagram.com/leomessi

"ПСЖ" клубы күтпеген жерден Лионель Мессиді екі аптаға жаттығудан шеттетті. Бұған футболшының команда рұқсатынсыз Сауд Арабиясына кетіп қалғаны себеп болған, деп жазады РИА Новости.

Жексенбі күнгі матчта "ПСЖ" өз алаңында "Лорьянға" жол беріп, марсельдік "Олимпикпен" арадағы ұпай саны қысқара түсті. Осыдан соң дүйсенбі күні өткен жаттығуға Месси келген жоқ. Ол Сауд Арабиясына кетіп қалған.

Бір жыл бұрын Лео араб елдеріндегі туризм елшісі атанған болатын. Сол себепті бұл сапар оның демеушілер алдындағы міндетін өтеуге арналған. Бірақ Месси жаттығуды жіберіп қана қоймай, клуб басшылығынан рұқсат алмаған. Бұған париждік команда басшылығының ашуына тиіп, Месси 14 күнге ойыннан аластатылды.

Осы аралықта оның жалақысы да сақталмайды. Бұл қадам арқылы париждік клуб атақты ойыншылардың да ереже мен тәртіпке бағынуы керектігін ескертіп отыр. Екінші жағынан, "ПСЖ" клубына катарлықтар иелік ететіні белгілі. Ал команданың басты жұлдызы Сауд Арабиясын кеткені оларға ұнай қоймасы анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2019173-psz-arab-eline-ruqsatsyz-ketip-qalgan-messidi-qatan-zazalap-14-kunge-oiynnan-settetti/

pixel