Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей азаматтығынан бас тартқан екі хоккейші әлем чемпионатына бармайтын болды

Опубликовано:

Дмитрий Гурков
Дмитрий Гурков. Фото: shaiba.kz

Қорғаушы Эмиль Нұрғалиев пен шабуылшы Дмитрий Гурков Финляндия мен Латвияда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды. Бұл туралы Shaiba.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Эмиль Нұрғалиев пен Дмитрий Гурков Ресей азаматтығынан бас тарту туралы өтініш берген. Алайда бұл процесс ұзаққа созылатындықтан, екі ойыншы да әлем чемпионатына дейін құжаттарын реттеп үлгермейді.

Эмиль Нұрғалиев Қарағанды облысының Абай қаласында туған. Уфа хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Ол 2017 жылдан бері елімізде өнер көрсетіп, "Сарыарқа" сапында Қазақстан чемпионы атанған.

Ал Дмитрий Гурков Мәскеу қаласының тумасы. "Динамо" мектебінің түлегі. Ол 2015 жылдан бері "Барыс" жүйесінде ойнап келеді.

Хоккейден элиталы дивизиондағы әлем чемпионаты 12-28 мамыр аралығында Рига және Тампере қалаларында өтеді.

Қазақстан командасы Норвегия, Чехия, Швейцария, Канада, Словакия, Словения және Латвиямен бірге В тобында ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2019199-resei-azamattygynan-bas-tartqan-eki-xokkeisi-alem-cempionatyna-barmaityn-boldy/

pixel