Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ баласы дзюдодан әлем чемпионатын таза жеңіспен бастады

Опубликовано:

Абылайхан Жұбаназар жекпе-жек кезінде
Абылайхан Жұбаназар. Фото: ijf.org

Катар астанасы Дохада дзюдодан әлем біріншілігі жалғасуда. Бүгін ерлерден 81, әйелдерден 63 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар анықталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

81 келіде Қазақстан намысын Абылайхан Жұбаназар қорғап жатыр.

Қызылордалық спортшы алғашқы айналымда португалиялық Жоао Фернандоны жеңді.

Қазақ балуаны кездесуді мерзімінен бұрын "иппон" ұпайымен, яғни, таза жеңіспен ұтты.

Екінші кезеңде Жұбаназар бразилиялық Эдуардо Сантошпен белдеседі.

Ал қыздар арасында Эсмигул Куюлова жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы - ресейлік Камила Бадурова.

Дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандықтар әзірге жүлде алған жоқ. Ең жоғары көрсеткіш Әбиба Әбужақыноваға тиесілі. Ол жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2019947-qazaq-balasy-dzyudodan-alem-cempionatyn-taza-zenispen-bastady/

pixel