Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

ауыр атлет
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатқаны белгілі.

Бүгін 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандық спортшы Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды.

Ол серпе көтеруде 181 келімен аяқтап, осы бағдарламада кіші күміс алды.

Ал жұлқа көтеруде барын салып, 219 кг зілтемірді ырқына көндіре алды. Бұл осы жаттығудағы алтын жүлде. Жалпы есепте қазақстандық спортшы 400 келімен топ жарды.

Айта кетейік, ерлер арасындағы 102 келі Олимпиада бағдарламасына кіреді.

Нұрғиса өткен жылы Колумбия астанасы Боготада өткен Әлем чемпионатында күміс алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020306-qazaqstandyq-auyr-atlet-aziya-cempiony-atandy/

pixel