Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина Forbes тізіміне енді

Опубликовано:

Рыбакина
Рыбакина. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Forbes тізіміне енді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, америкалық Forbes журналы Азия-Тынық мұхиты өңірінің өкілдері арасындағы 30 жасқа дейінгі әлеуеті зор спортшылардың тізімін жариялады. Оған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина енген.

"Тағы бір болашағы жарқын спортшы - бұл Елена Рыбакина. Ол "Уимблдон" турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Қазіргі уақытта теннисші әлемдік рейтингте төртінші сатыда тұр және 10 миллион долларға жуық табыс тапты", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жақында Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды.

Ол финалда Украина өкілі Ангелина Калининадан басым түсті.

Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 4-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022086-rybakina-forbes-tizimine-endi/

pixel