Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкенттегі әлем чемпионатында жүлде алған боксшылардың бапкерлері марапатталды (фото)

Опубликовано:

Мырзағали Айтжанов бапкерлермен бірге
Мырзағали Айтжанов ортада. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ташкенттегі әлем чемпионатында жүлде алған боксшылардың бапкерлері марапатталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ташкентте өткен Әлем чемпионатында жүлде алған боксшылардың жеке жаттықтырушыларына Президенттің атынан Құрмет грамоталары табысталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Мырзағали Айтжанов Ташкенттегі әлем біріншілігін қорытындылаған еді.

13 мамырда Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.

Ал 14 мамырда Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын медаль салды.

Ташкенттегі байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан ертерек шығып қалды.

Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Халықаралық бокс федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, байрақты бәсекенің чемпиондарына - 200 мың, екінші орын алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілген.

Яғни, қазақстандық төрт боксшы 200 мың доллардан алған. Олар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай.

Ал Дулат Бекбауов 100 мың долларға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022260-taskenttegi-alem-cempionatynda-zulde-algan-bokssylardyn-bapkerleri-marapattaldy-foto/

pixel