Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына шықты

Опубликовано:

Юлия Путинцева
Юлия Путинцева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты. Әлемнің 58-ракеткасы бірінші кезеңнен сүрінбей өткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған, Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген украиналық Марина Заневскаямен шеберлік байқасты.

Екі сетке созылған ойын қорытындысы бойынша отандасымыз 7:5, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньге қарсы шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2022530-yuliya-putinceva-rolan-garros-turnirinin-ekinsi-ainalymyna-syqty/

pixel