Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дамир Исмағұлов UFC-де екінші рет жеңіліс тапты

Опубликовано:

Дамир Исмағұлов
Дамир Исмағұлов. Фото: instagram.com/ismagulov_damir

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов UFC-де екінші рет жеңілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дамир Исмағұлов бұл жолы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Vegas 76 үлкен турнирінде өнер көрсетті.

Оның қарсыласы америкалық Грант Доусон болды. Файтерлер арасындағы жекпе-жек жеңіл салмақта өтті. Кездесу белгіленген уақытқа дейін созылып, АҚШ өкілінің жеңісімен аяқталды.

Төрешілер бірауыздан Грант Доусонды жеңімпаз деп таныды. Осылайша, Дамир Исмағұлов UFC-де екінші рет жеңіліп отыр. Дегенмен, осыған дейін Дамирдің UFC-де бес рет жеңіске жеткенін айта кетелік.

Ал Грант Доусонме кездесу Дамир Исмағұлов үшін UFC-пен келісімшарт аясындағы соңғы жекпе-жек болатын. Алайда спортшыға бұған дейін жаңа келісімшарт ұсынылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2027193-damir-ismagulov-ufc-de-ekinsi-ret-zenildi/

pixel