Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші Рим турнирінің жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Жібек Құламбаева
Фото: olympic.kz

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Рим (Италия) ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Отандық теннисші беларусьтік Юлия Готовкомен бірге финалда жарыстың бірінші ракеткалары, колумбиялықтар Юлиана Лизаразо - Мария Паулинамен шеберлік байқасты.

Тартысты ойында Қазақстандық-беларустьтік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Құламбаева мен Готовко титулға қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық, Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Зара Дәркен Палермо (Италия) WTA 250 жарысында алғашқы матчын өткізді. Зара іріктеу сайысында әлемнің 316-ракеткасы, нидерландылық Ева Веддерге 2:6, 1:6 есебімен жол берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2028893-qazaqstandyq-tennissi-rim-turnirinin-zenimpazy-atandy/

pixel