Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда екі ауыл таратылуы мүмкін

Опубликовано:

Ат мінген ер адам ауыл шетінде
Ат мінген ар адам ауыл шетінде. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Ашық НҚА порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Порталда Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімі жарияланған.

"Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

  • Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
  • Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының құрамына енгізілсін", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, құжат осы жылдың 10 тамызына дейін көпшілік талқылауында болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2030590-qazaqstanda-eki-auyl-taratyluy-mumkin/

pixel