Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирді одан әрі жалғастыра алмады. Ол 1/8 финалда италиялық қарсыласы Жасмин Паолиниге қарсы ойнаған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Матчтың алғашқы сеті 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталған, алайда екінші сетте қазақстандық спортшы иық жарақаты салдарынан 2:5 есебімен ойынды аяқтауға мәжбүр болған.
Осылайша, Елена Рыбакина турнирдегі ойынды аяқтады, ал Жасмин Паолини ширек финалға шықты.
Еске салсақ, Цинциннатидағы турнирдің сыйақы қоры биыл 2 788 468 долларға тең.
Турнирдің қазіргі чемпионы - франциялық Каролин Гарсия. Ол былтырғы финалда Чехиядан келген Петра Квитованың жеңген болатын (6:2, 6:4 есебімен).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2033007-elena-rybakina-cincinnati-turnirindegi-matcty-zalgastyrudan-bas-tartty/