Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда UFC жекпе-жегі өте ме: Шавкат Рахмонов жауап берді

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов, файтер
Шавкат Рахмонов. Фото: instagram/shavkatrakhmonov94

Шавкат Рахмонов Қазақстанда UFC жекпе-жегін өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Әрине, бұл жайлы Данамен сөйлесуге болады. Көреміз. Әйтеуір, Қазақстанда турнир өтуі керек қой. Пандемияға дейін өткізгісі келді. Егер UFC келіссе, Қазақстан дайын. Күтеміз. Мұның бәрі UFC-ге, Дана Уайтқа байланысты. Бізде өткізетін адам табылады.

Бұл туралы Саят Әбдірахмановқа да айтқам. Өзіндік нюанстары бар. Нақты ештеңе дей алмаймын. Мүмкін, алдағы уақытта Қазақстанда UFC жекпе-жегі өтетін шығар", - деді Рахмонов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC-де кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2033325-qazaqstanda-ufc-zekpe-zegi-ote-me-savkat-raxmonov-zauap-berdi/

pixel