Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сан-Марино ұлттық құрамасы қазақстандық футболшыдан көмек сұрады (видео)

Опубликовано:

Футбол добы
Футбол добы. Фото: Emmanuele Ciancaglini/Ciancaphoto Studio/Getty Images

Футболдан Сан-Марино ұлттық құрамасы "Ордабасы" клубының бұрынғы ойыншысы Дидар Сыдықбекке хабарласып, көмек сұрады. Бұл ақпаратты SD family командасы Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

SD family командасының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видеосында, футболдан Сан-Марино ұлттық құрамасының өкілдері қазақстандық футболшыға жеке шығып, көмек сұраған екен.

Сан-Марино өкілдері 17 қарашада Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы өтетін ойынға дайындалу үшін "Сыдықбек Арена" алаңында жаттығу өткізгісі келеді.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында қорытынды екі ойын өткізеді. 17 қарашада өз алаңында Сен-Марино командасын қабылдаса, 21 қараша Словенияға қарсы ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2044793-san-marino-ulttyq-quramasy-qazaqstandyq-futbolsydan-komek-surady-video/

pixel