Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар Прохазка мен Перейраның шайқасында нокаут болатынын болжады

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

UFC 295-те "Самурай" қатарға қайта оралды - Иржи Прохазка Алекс Перейрамен күш сынасатын болды. Жекпе-жек әсерлі болатынына уәде беріліп отыр, өйткені екі үміткер де нокаутшы екенімен танымал. Нью-Йорктен жеңісті қайсы қанжығасына байлап әкететінін сарапшылармен талқылап көрейік.

Иржи Прохазка (29-3, 25 КО)

Rizin-дегі шайқастарымен танымал болған "Дениса" бірден UFC жұлдызына айналды. Жарқын стиль мен ерекше соққы техникасының арқасында чех спортшысы тез арада үздіктер қатыранан табылды - нокаутпен екі жеңістен кейін Иржи жартылай ауыр салмақтағы титул үшін жекпе-жекке ие болды. Гловер Тейшейрамен күш сынасуы да сәтті өтті: бес раундтық шайқас 2022 жылдың ең үздік жекпе-жегі атанды, Прохазка бразилиялық файтерді гильотинамен жеңіп, октагоннан белбеуді қанжығасына байлап әкетті. Өкініштісі, ол ауыр иық жарақатына байланысты бұл атақтан бас тартуға мәжбүр болды - денсаулығын қалпына келтіру үшін бір жылдан астам уақыт жұмсаған.

Иржидің бірнеше артықшылығы бар: нокаутқа түсіретін күш, ерекше шайқас техникасы. Чех жауынгерінің шабуылдарында белгілі бір әдіс жоқ болып көрінеді, бірақ дөп тигізетін соққысы өте қауіпті. Оған қоса төзімділігі де бар: Тейшейрамен шайқаста "Дениса" асқан қарқынмен 5 раунд бойы айқасуға дайын екенін дәлелдеді. Партерде Прохазка сасқалақтамайды, тіпті үздік греплерлермен тең дәрежеде күш сынаса алады.

Алекс Перейра (8-2, 6 КО)

"Поатан" да оның қарсыласы сияқты үш жеңістен кейін титулдық жекпе-жекке ие болып, UFC үздіктерінің қатарынан бірден көрінді. Бірақ оны Исраэль Адесаньямен араздық танымал етті: бразилиялық спортшы кикбоксингте "Стайлбендерді" екі рет жеңді. Нәтижесінде жауынгерлер октагонда екі рет кездесіп, нокаутпен алмасты. Бірақ жеңіліспен аяқталған реванш Перейраның сағын сындыра алмады: ол жартылай ауыр салмаққа ауысты, онда ол Ян Блаховичті сенімді түрде жеңіп шықты.

Алекс кикбоксингтің техникасын жетік меңгеруімен танымал және қарсыластарын нокаутқа түсіру күші Прохазкадан кем түспейді. Бірақ чех спортшысынан айырмашылығы, "Поатан" әлдеқайда қарапайым: ол ыңғайлы сәтті күтеді де, қарсы шабуылдарын жасайды. Кемшіліктеріне келетін болсақ, Перейра 5 раунд бойы қарқынды шайқас жүргізе алмайды, қорғанысқа сүйене отырып, партерге өтпеуге тырысады.

Аналитика мен болжам

Қос жауынгердің де жеңіске деген мүмкіндігі бірдей, бірақ Parimatch сарапшылары Перейраны фаворит деп есептейді, десе де коэффициент ұсынуда айтарлықтай басымдығы жоқ – 1.72 және Прохазкаға 2.05 . "Поатанның" Блаховичті жеңуі және "Денисаның" бір жылдан астам уақыт бойы ойыннан тыс қалғаны осындай көрініске әсер еткен сияқты. Алайда Прохазканы елемеуге себеп емес: ол Алекске қарағанда жас және төзімді, тіпті партерде де мықтырақ.

Бірақ әркімнің осы жекпе-жектен күтетіні - нокаут. Иржи шайқастың басынан-ақ қарсыластарына қысым жасайды, ал Перейра қарсы шабуыл жасау мүмкіндігін күтеді. Осыған байланысты талдаушылардың жекпе-жек ұзақтығы жайлы пікірлерінің қайшылығы туындап отыр: екі раундтан аз уақытқа созылады деген нұсқаға 1.72, ал екі раундтан асады деген нұсқаға 2.00 коэффициенті ұсынылған. Қалай болғанда да, біз әсерге толы жекпе-жек тамашалайтынымыз анық.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2045154-sarapsylar-proxazka-men-pereiranyn-saiqasynda-nokaut-bolatynyn-bolzady/

pixel