Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар "Челси" "Ман Ситиге" шайқастың көкесін көрсетеді деген ойда

Опубликовано:

Челси vs Ман Сити
Фото: Parimatch Kazakhstan

"Челси" өткен турда "Тоттенхэмді" ойсырата жеңіп, енді АПЛ-дың жаңа көшбасшысын артта қалдыруға дайын. 12 қарашада "Манчестер Сити" "Стэмфорд Бриджге" көшбасшылық тізгінін ұстап қалу үшін келеді. Жеңісті қанжығасына қайсы байлап әкетуі мүмкін екенін сарапшылармен талқылап көрейік.

"Челси"

Тұрақтылық деген сөзді "көктерге" қатысты қолдану қате болар еді. Фулхэмді (2:0) және Бернлиді (1:4) жеңіп, содан кейін қақпашылардың сайқымазағымен, оған қоса, көптеген гол соғуға ыңғайлы сәтті қолданбай қалуымен "Брентфордпен" өз алаңында өткен шайқастағы (0:2) күйреуі осыған дәлел. Алайда соңғы турда "Челси" көпшілікті таңғалдырды: маусым басының басты сенсациясы – "Тоттенхэмді" өз ойын алаңында тым-тырақайын шығарып, ойсыратып жеңіп тастады - (4:1)! Қуанышы қойнына сыймай, абдырап қалмаса болды…

Почеттино кезіндегі "Челси" қарсыластың қақпасына дәлдеп тұрып соққы жасауымен танымал. Сол сияқты, "Ситимен" матчта да, өз ойын алыңында ойнайтынын ескере отырып, "көктер" белсенді түрде шабуыл жасайтыны анық. Parimatch сарапшылары "Челси" "қала тұрғындарының" қақпасынан кем дегенде 8 рет соғады деген нұсқасына 1.85 коэффициентін ұсынып отыр.

"Манчестер Сити"

Родри оралды – онымен бірге "қала тұрғындарының" өзіне деген сенімі де оралды. "Арсеналдан" тапқан жеңілістен кейін, "Ситидің" жағдайы жақсара бастады: АПЛ-да "Брайтоннан" жеңісті жұлып алып (2:1), "МЮ" (3:0) мен "Борнмутты" (6:1) талқандады. Чемпиондар лигасындағы класста "Янг Бойзға" екі рет (екі матчтың қосындысы бойынша 6:1) үстемдік етіп кетті. Пеп Гвардиоланың ойын жоспарлары іске аса бастаған сияқты.

"Қала тұрғындарының" басты қаруы - Эрлинг Холанн да қатарға қосылды. Ол шайқастың басынан бастап қарсыластарын айып алаңына шығарып, қолайлы сәттерді керемет іске асырумен танымал. Сондықтан, сарапшылар норвегиялық шабуылдаушының бұл жолы да 1-таймның өзінде-ақ ерекшеленетініне сенімді болып, оған 2.85 коэффициентін ұсынып отыр.

Аналитика мен болжам

Тұрақтылық пен өткен жылғы чемпион атағы - бұл "Ман Ситиді" фаворит ретінде көрсететін дәйектер: оған ұсынылған коэффициенті 1.72 болса, "Челсиге" - 5.00 беріліп отыр. Алайда "көктерді" аутсайдер деп айтуға болмайды: кейінгі матчтардан олардың жағдайы түзеліп келе жатқанын байқауға болады, фавориттердің аяғынан шалу да қолынан келеді – "Тоттенхэмді" жеңгені командаға сенім бергені анық. Parimatch сарапшылары "көктер" жеңіліс тапқан күннің өзінде, соғылған голдар астында қалмайды деген ойда: "Челси +1.5 форасымен" нәтижесіне 1.44 коэффициенті ұсынылған.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2045196-sarapsylar-celsi-man-sitige-saiqastyn-kokesin-korsetedi-degen-oida/

pixel