Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайраттың" жартылай қорғаушысы мен белгілі қазақстандық актриса шаңырақ көтерді (видео)

Опубликовано:

Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова
Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова. Фото: instagram.com/f.c.kairat

"Қайрат" футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет шаңырақ көтерді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Футболшының таңдауы Нұрсұлу Ізбасарова есімді белгілі актрисаға түскен. Қос ғашық бүгін, 14 қарашада мұсылманша некесін қидырған.

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет сүйіктісіне үйленуге ұсынысты биыл жазда жасаған еді. Олар алты жылдан бері таныс.

Жас жұбайлардың желіде жариялаған видеосын көрген оқырмандар ақ тілегін жарыса жазып, бақыт тілеуде.

"Құтты болсын, бақытты болыңыздар", "Алла берекелі етсін", "Қайырлы неке болсын", "Құттықтаймын, бақытты болыңыздар", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2045751-qairattyn-zartylai-qorgausysy-men-belgili-qazaqstandyq-aktrisa-sanyraq-koterdi-video/

pixel