Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар Қазақстан Сан-Мариноны ойсырата жеңеді деп есептейді

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Көпшілік қобалжып күтетін шайқас жақындап қалды: Еуро-2024 іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының шешуші матчтары. Бірінші қадам - "Астана Аренада" Сан-Мариномен шайқас.

  • 17 қараша
  • 21:00
  • "Астана Арена"
  • Бас төреші - Харальд Лехнер (Австрия)

Қазақстан

Қазақстан құрамасы үшін осы сәттің аса маңызды екені анық, қосымша пікір білдірудің де қажеті жоқ. Сондай-ақ, Магомед Адиев командасының ең маңызды матчы Астанада емес, Люблянада өтеді. Бірақ әлсіз қарсыласқа немқұрайды қарауға болмайды: бұл өте маңызды үш ұпай. Бұл матчқа біздің команданың тағы бір міндеті - команда көшбасшыларын сапта ұстау, "ергежейлілермен" шайқаста әдетте жарақаттар жиі кездеседі. Дәлірек айтсақ, көшбасшылардың тағы біреуін жоғалтып алмау керек: "Бешикташпен" өткен матчта алған жарақатына байланысты Бақтиер Зайнутдинов кездесуде өз үлесін қоса алмайды.

Бұл матч, шын мәнінде, спарринг екенін ескере отырып, қазақстандықтар барлық мәселені бірінші таймда шешкісі келетіні анық. Сарапшылар да біздің команда өзі ойлағандай сәтті іске асырады деп санайды: бірінші таймда 1,5-тен жоғары нұсқасына 1.94 коэффициентін берген.

Қазақстанның кейінгі матчтары (3-0-2, 5-5)

  • Финляндия - Қазақстан 1:2
  • Дания - Қазақстан 3:1
  • Қазақстан - Солтүстік Ирландия 1:0
  • Қазақстан - Финляндия 0:1
  • Солтүстік Ирландия - Қазақстан 0:1

Сан-Марино

Сан-Марино құрамасы туралы ауыз толтырып айтатын ақиқат: ол өз тарихындағы соңғы жеңісіне 2004 жылы Лихтенштейнмен жолдастық кездесуде жеткен еді. Сан-маринолықтардың бір ойында бір голдан артық соққан матчы 2003 жылы болған, алайда командаға немқұрайды қарауға болмайды. Жақында сан-маринолықтар Дания құрамасына тіс батыра алды: Расмус Хойлунн бірінші таймның соңына қарай әрең дегенде гол соқты, 61-минутта Сан-Марино құрамасы ойынды өз қолына ала алды, даниялықтарды намысты жағдайдан Юссуф Поульсен құтқарып қалды. Біз өз командамызға сенімдіміз, алайда Сан-Марино қыр көрсете алады деп ойласаңыз, 3.95 коэффициенті ұсынылып отырған "бірінші таймдағы тең нәтиже" нұсқасына назар аударуға болады.

Сан-Мариноның кейінгі матчтары (0-0-5, 1-19)

  • Сан-Марино - Дания 1:2
  • Солтүстік Ирландия - Сан-Марино 3:0
  • Сан-Марино - Словения 0:4
  • Дания - Сан-Марино 4:0
  • Финляндия - Сан-Марино 6:0

Қазақстан - Сан-Марино матчын қайдан тамашалауға болады

Кездесуді дәстүрлі түрде Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Болжам

  • Коэффициенттер
  • Қазақстан - 1.02
  • Тең ойын - 22.00
  • Сан-Марино - 41.00

Қай жағынан келсек те, командалар арасындағы дәрежелік деңгейінің алшақтығы анық, тек қазақстандық футболшылар қанша гол соғады деген сұрақ туындайды. Қазақстанның жеңісіне 2,5-форасымен 1.66 коэффициенті ұсынылған нұсқасына көңіл бөлуге кеңес береміз.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2046075-sarapsylar-qazaqstan-san-marinony-oisyrata-zenedi-dep-esepteidi/

pixel