jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қуанышы қойнына сыймаған хорваттар фотографты езіп кете жаздады

    : UGC

    Әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуінде Англияға қарсы ойнаған хорватиялықтар жеңісін тойлау барысында фотографты езіп кете жаздады. Қуанышы қойнына сыймаған футболшылардың астында қалып қойған ер адам оқиғадан алған әсерімен бөлісті деп хабарлайды sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: sports.ru
    Фото: sports.ru: UGC

    Оқиға ойынның 109-шы минутында орын алды. Англиялықтардың қақпасына гол соғып, жеңіс сыйлаған Марио Манджукич өз командаластарымен голын әсерлі түрде тойлады.

    Хорватия Құрамасының ойыншылары алаңның бұрышына қарай жүгіріп, сол жерде отырған фотографты езіп кете жаздады. Жеңіс голын тойлап болған соң, футболшылар астыларында қалып қойған ер азаматқа тұруға көмектескен. Олар тіпті, фотографтың бетінен сүйіп алды.

    Фото: sports.ru
    Фото: sports.ru: UGC

    Юри Альберто Кортес Авалос Сальвадордың тумасы. Мексикадағы AFP ақпарат агенттігінің фотокореспонденті болып қызмет атқарады. Ер адам фотограф ретінде осымен төртінші әлем чемпионатын тамашалап отыр. Алайда, ешқанан жеңіс голын тойлауға қатысып көрмеген болып шықты.

    Фото: sports.ru
    Фото: sports.ru: UGC
    "Гол соғылғаннан кейін Манджукичпен бірге түгел команда маған қарай жүгіре жөнелді. Мен оларды суретке түсіріп, өз жұмысымды жалғастыра берлім. Алайда, футболшылардың маған жөнеліп келе жатқандарын аңғарғанда не істерімді де білмей сасып қалдым.
    Фото: sports.ru
    Фото: sports.ru: UGC
    Жеңіс голынан қатты әсер алған олар мені езіп кете жаздады. Алайда, артынан олар мейірімділік танытып мені аяққа тұрғызды. Тіпті бетімнен түк қалдырмай сүйіп тастады. Мен де фотоаппарат та зардап шеккен жоқ. Ал мен болсам нағыз эксклюзивті кадрларға ие болдым", - деп айтты Юри.
    Фото: sports.ru
    Фото: sports.ru: UGC

    Мексикалық фототілші енді финалда міндетті түрде хорваттарға қолдау білдіретінін айтты.

    "Хорватия құрамасы әлем чемпионатын жеңетін болса, мені мерекелік шараға шақырады деген үміттемін", - деді фотограф.

    Бұл Юри үшін әлем чемпионатындағы соңғы ойын болған. Ол Мексикаға оралу керек болғандықтан финалға қатыса алмайды.

    Қуанышы қойнына сыймаған хорваттар фотографты езіп кете жаздады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.