jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    БАҚ: Хабиб Нурмагомедовтың үшінші баласы дүниеге келді

    : Instagram

    Аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедовтың отбасында тағы да қуаныш. Ресейлік спортшы үшінші сәбиі дүниеге келген. Бұл жаңалықты БАҚ өкілдеріне оның отбасына жақын адамдар жария еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ sobytiya.news сайтына сілтеме жасап.

    Фото: Instagram/khabib_nurmagomedov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/khabib_nurmagomedov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Басылымның ақпаратынша, Нурмагомедовтың үшінші баласы 22 желтоқсан күні дүниеге келген. Аталмыш мәліметке сенсек, спортшы ұлды болған.

    Хабибтің өзі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген. Дегенмен, аралас жекпе-жек жұлдызын жақындары мен спорттағы достары жарыса құттықтап жатыр.

    Woman.ru сайтының жазуынша, спортшы мен жары Патимат өмірге келген ұлынан бөлек төрт жасар Фатима атты қыздары мен екі жасар Магомед атты ұлы бар.

    Айта кетерлігі, Хабиб Нурмагомедов жеке өмірін барынша жасырын ұстағанды жөн көреді. Соған байланысты үшінші рет әке атанғанын көпшілік оның өзінен емес, жұлдызды достарынан естіген.

    Спортшының жанкүйерлері қазіргі таңда ол аса бақытты шақтарының бірін өткеріп жатқанын айтуда. Бүгінде Хабибтің отбасылық өмірде де, спорттық мансабында да жолы болып жүр.

    Айта кетейік, Хабиб сүйіктісі Патиматқа мектеп қабырғасында ғашық болып қалған. Тағдыр оларды қанша жерден айырылыстырғанымен, спортшы жас жеткіншек бола тұра ғашығына басқа қаладан келіп тұрған. 22 жасында ол Патиматқа үйленуге ұсыныс жасаған.

    Еске сала кетейік, ертең 24 жетоқсанда Хабиб Нурмагомедов Алматыға келмекші. Ол GFC ұйымдастыруымен өтетін турнирдің басты жұлдызды қонағы болмақ.

    БАҚ: Хабиб Нурмагомедовтың үшінші баласы дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.