jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Белгілі ауыр атлет Илья Ильинге ота жасалды

    Илья Ильин травматолог-ортопед дәрігер Нұржан Асановпен
    Илья Ильин травматолог-ортопед дәрігер Нұржан Асановпен. Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

    Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинге академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында ота жасалды, хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    ДСМ мәліметінше, Илья Ильин жаттығу барысында тізесінен (менисктің жыртылуы) жарақат алған.

    Емдеуге жатқызылғаннан кейін бірден тексерістен өтіп, келесі күні оған операция жасалған.

    Артроскопия және спорттық жарақат бөлімінің травматолог-ортопед дәрігері Нұржан Асанов спортшыға отаны сәтті жасаған.

    Қазір Илья Ильин өзін жақсы сезінетінін айтады және операциядан кейін қалпына келтіруде шешуші рөл атқаратын оңалту курсынан өтіп жатқанын атап өтті.

    "Менің көңіл-күйім өте жақсы. Өзімнің емдеуші дәрігерім Нұржан Мұхамеджанұлы Асановқа алғысымды айтамын, ол өз ісінің нағыз маманы. Көптеген кәсіби спортшылар академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО-да емделеді және қалпына келеді. Қазақстандық травматолог-ортопедтер ең үздік", - деп белгілі ауыр атлет дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.

    Белгілі ауыр атлет Илья Ильинге ота жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.