jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстаулық көпбалалы ана 16 келілік гір тасын 20 мәрте көтерді (видео)

    Мақпал Қаржаубаева 16 келілік гір тасын көтеріп жатыр
    Мақпал Қаржаубаева 16 келілік гір тасын көтеріп жатыр.Скриншот: instagram.com/112_aktau

    Маңғыстаулық көпбалалы ана Мақпал Қаржаубаева 16 келілік гір тасын 20 мәрте көтерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығының Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қарақия ауданы Сенек ауылында Наурыз мейрамын тойлау аясында ұлттық спорт түрлері бойынша сайыс ұйымдастырылған. Гір тасын көтеру жарысына қатысу үшін іргелес ауылдар мен елді мекендерден де ересектер, әсіресе, әйел адамдар келіпті.

    Құланды ауылының тұрғыны көпбалалы ана Мақпал Қаржаубаева 16 келілік гір тасын 20 мәрте көтеріп, көпшілікті қажыр-қайратымен сүйсінтті.

    "Әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазбаның басты кейіпкеріне қошемет сөзін жаудырды. "Маңғыстаудың келіндері жасасын!", "Жеменейлер, алға!" сынды қолдау сөздерін толассыз жазып жатыр", – делінген Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығының жазбасында.

    Мақпал Қаржаубаева перзенттерін де спортқа баулитын көрінеді. Оның балалары — дзюдодан облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегерлері.

    Маңғыстаулық көпбалалы ана 16 келілік гір тасын 20 мәрте көтерді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.