jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасын екінші рет жеңді

    Біржан Оразов
    Біржан Оразов (оң жақта). Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында өз алаңында Тәжікстан құрамасымен екінші рет жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Екі команда арасындағы матч Астанадағы "Сайран Аренада" өтті. Кездесу 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

    Қазақстан құрамасынан Азат Валиуллин (18, 34 минут) дубль авторы атанса, тағы бір голды Арнольд Кнауб (11), ал шешуші голды Дуглас Жуниор (40) соқты. Қонақтардан Самандар Ризомов (9), Бахтиер Салиев (28) және Ыдырыс Ёров (28) көзге түсті.

    Айта кетейік, 22 тамызда Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстан құрамасын 3:0 есебімен ұтқан еді.

    Ұлттық құрама үшін бұл матчтар 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына дайындықтың бір бөлігі болып саналады. Енді Қазақстан құрамасы Иранмен (30 тамыз, Астана) және Аргентинамен (7 қыркүйек, Алматы) жолдастық кездесу өткізеді.

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасын екінші рет жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.