jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Нағыз мұқтаж жанға бұйырсын": Елдос Сметов өз тойында "Өнер қырандарына" умраға жолдама сыйлады

    Мадияр Серікбаев пен Елдос Сметов
    Мадияр Серікбаев пен Елдос Сметов. Видеодан кадр: instagram.com/ madiyar_serikbayev

    Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бірнеше күн бұрын ұлдарының сүндет тойы мен қызының тілашарын жасады. Дүбірлі кеште дзюдошы "Өнер қырандарының" мүшесі Мадияр Серікбаевқа кіші қажылыққа жолдама табыстады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жайында "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының мүшесі Мадияр Серікбаев Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

    "Ал құрметті ағайын, бүгін Елдос бауырымыздың шаңырағындағы дүбірлі тойында осындай қасиетті мекенге умра сапары табысталды", - дейді ол видеода.

    Ал Елдос Сметов сертификаттың нағыз мұқтаж жанға бұйырғанын қалайтынын айтты.

    "Нағыз мұқтаж, нағыз Алланың шақыртқан адамының баруына тілектеспін", - деді Париж Олимпиадасының чемпионы.

    Айта кетейік, тойға келген қонақтардың бірі Instagram желісіндегі парақшасында сертификаттың басты сыйлық болғанын жазған.

    "Умраға жолдама кештің басты сыйлығы болды. Ол жолдаманы "Өнер қырандарына" табыстады, осы Таразда болатын концерттерінде мұқтаж отбасына Елдос ағаның атынан сыйласын деп шешті", - деді ол.

    "Нағыз мұқтаж жанға бұйырсын": Елдос Сметов өз тойында "Өнер қырандарына" умраға жолдама сыйлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.