RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Атыраулық спортшы 94 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Жарияланған күні:

Ерсейіт Бралин
Ерсейіт Бралин. Скриншот: instagram.com/rsc.atyrau

Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны Ерсейіт Бралин көмір тиелген 94 тонналық вагонды сүйреп, Қазақстанның батысы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерсейіт Бралин осыған дейін пауэрлифтингтен әлем чемипионы, Азияның қола жүлдегері, сонымен қатар Батыс Қазақстан бойынша "Толағай алыптар" сайысының чемпионы атанған. Қазіргі уақытта ол – пауэрлифтинг пен грэпплингтен спорт шебері.

"Осылай ауыр салмақта жүк көтеруге қызығушылығым бұрыннан бар. Болашақта осы салада шәкірт тәрбиелеп, чемпиондарды шығарғым келеді. Қазірде Атыраудағы "Санатория" фитнес орталығында жаттығып, жарысқа шығамын. Жаттықтырушым Александр Литвиновқа алғысым шексіз", - деді cпортшы.

Ерсейіт Бралин алдағы уақытта Қазақстан рекордын жаңартып, 120 тонналық 5 вагонды сүйреуді мақсат етіп отыр.

Еске салайық, автокөлікті өз күшімен сүйреген қазақстандық ауыр атлет Мира Ахметова көпшілікті таңғалдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2197859-atyraulyq-sportshy-94-tonnalyq-vagondy-suirep-rekord-ornatty-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif