RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қазақстанда шетелдік спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынады

Жарияланған күні:

Футбол добы
Футбол добы. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Сенат тиісті заңды мақұлдады, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады.

Сенатор Әсем Рахметованың айтуынша, заң дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, сондай-ақ әкімшілік реформаның 2-кезеңін іске асыру шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыреттердің аражігін ажырату мақсатында әзірленген.

Заңмен 2 Кодекске, 5 заңға келесі жаңалықтарды қамтитын түзетулер енгізіліп отыр:

  • басым спорт түрлерін олардың рейтингі негізінде емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарында ұлттық құрама командалардың өнер көрсету нәтижелері бойынша қалыптастыру;
  • республикалық және өңірлік спорт федерацияларын ұлттық спорт федерацияларына өзгерту;
  • жоғары жетістіктер спортына жататын басым спорт түрлерін бірінші кезектегі тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асыру;
  • спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға лимиттер белгілеу;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу;
  • спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты талаптар белгілеу;
  • аккредиттелген спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау міндетін белгілеу;
  • бірыңғай оператордың қаржысына спорттық инфрақұрылым объектілерін салуға мүмкіндік беру;
  • уәкілетті орган республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын, жергілікті атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік дене шынықтыру спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды іске асыру.

"Сондай-ақ спорттық іс-шараларға және халықаралық спорттық жарыстарға жіберу кезінде бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адамның шығындарын өтеу жөніндегі заңнамалық талап белгіленді.

Бұдан басқа, спорттық медицинаны дамытуға бағытталған нормалар көзделген.

Спортшылардың мамандандырылған медициналық көмегін қамтамасыз ету, сондай-ақ спорттық медицина және оңалту саласында заманауи технологияларды енгізу мақсатында ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымын мемлекеттік кәсіпорын нысанында құру ұсынылады.

Заңмен спортшылар мен жаттықтырушыларға Мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібіне де өзгерістер енгізілді", - дейді Әсем Рахметова.

Сенатор бұл Қазақстан азаматы болып табылатын және ел аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшыларға қатысты екенін нақтылады.

"Қазақстан азаматы болып табылатын және еліміз аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар да материалдық қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, заң нормаларымен әкімшілік реформаның 2-кезеңі аясында орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыреттерді ажыратуға қатысты түзетулер көзделген", - деп түсіндірді сенатор Әсем Рахметова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2230898-qazaqstanda-legionerlerdi-biudzhet-qarazhaty-esebinen-qarzhylandyruga-tyiym-salynady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif