jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық танымал журналист инсульт алып, комаға түсті

    Науқас
    Науқас. Көрнекі сурет: pexels.com

    Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, қазақстандық танымал журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық журналист Жанна Ойшыбаева Facebook желісіндегі парақшасында Диас Ахметшәріптің комаға түсіп, Ақтауда жансақтау бөлімінде жатқанын, оның жағдайы ауыр екенін жазды.

    Жағдайдың мән-жайын NUR.KZ тілшісіне Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз хатшысы мәлім етті.

    "Пациент инсульт алған, миына қан құйылған. Жағдайы өте ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деді медициналық ұйым өкілі. Ал басқа мәлімет пациенттің туыстарының рұқсатынсыз жарияланбайтынын ескертті.

    Айта кетейік, Диас Ахметшәріп Facebook желісіндегі парақшасында үш күн бұрын Ақтауға іссапармен келгенін жазған.

    Қазақстандық танымал журналист инсульт алып, комаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.