jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Алдыңызда 101 000 адам": "Реалмен" матч билеттері сатыла бастағанда "Қайраттың" сайты істен шықты

    "Қайрат" ФК
    "Қайрат" ФК. Фото: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі

    Қазақстанда "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойынға билеттер сатылымы ресми түрде басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Интернет қолданушылары билеттерді сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрып жатыр.

    "Қайрат" - "Реал Мадрид" матчының билеттерін сату бүгін, 23 қыркүйек сағат 17:00-де басталды.

    Бір адам тек екі билет сатып ала алатыны белгілі болды — бұл қайта сату қаупін азайту үшін жасалып жатыр. Сонымен қатар әрбір билет сатып алушының ЖСН-мен байланыстырылады.

    "Сатып алғаннан кейін сіз ваучер аласыз. Электрондық билеттер матчқа алты сағат қалғанда жіберіледі", - делінген нұсқаулықта.

    Бүгін сатылымдар басталғанға дейін желі қолданушылары кезек он мыңдаған адамға жеткенін байқады. Ал 17:03-те, сатылым басталғаннан кейін үш минут өткенде Kris_p_almaty тобы билет сатып алуға кезекке тұрғандар саны 101 000-нан асып кеткен сәтінен скриншоттарды бөлісті.

    "Қайрат" - "Реал Мадрид" матчына шамамен 150 000 адам билет сатып алғысы келеді! Стадионның сыйымдылығы — 30 000 адам", - делінген парақшада.

    NUR.KZ тілшісі де "Қайраттың" ресми сайтында билет сатып алмақ болып еді, алайда сайтына кіре алмады — сайтта 502 ақауы пайда болды. Клубтың ресми қолданбасы арқылы сатып алу әрекеті де сәтсіз аяқталды.

    Кейбір жанкүйерлер клубтың билеттер сатылымы басталғаны туралы хабарламасына қалдырған пікірлерде билеттерді сатып алып үлгергендерін мойындады. Басқалары, керісінше, жүйенің жұмыс істемейтініне шағымданды.

    "Қолданба да, веб-сайт та, ештеңе істемейді", "Бәрі жұмыс істейді, біз билет сатып алдық", "Тура 17:00-де кірдім, алдымда 95 000 адам болды", "Бәрінде сайт баяу істеп тұр ма? Шынын айтыңдаршы", - деп жазды жанкүйерлер.

    Бұған дейін алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Реал Мадридке" қарсы матч алдындағы дүрбелең өзіне де сезіліп жатқанын жеткізген еді. Оның айтуынша, билет сұрап хабарласатындар көп.

    "Алдыңызда 101 000 адам": "Реалмен" матч билеттері сатыла бастағанда "Қайраттың" сайты істен шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.