jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Белгілі кәсіпкер "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйға тарту етті (видео)

    Ұлықбек Шәріпов, Шерхан Қалмұрза анасымен
    Ұлықбек Шәріпов, Шерхан Қалмұрза анасымен. Фото: instagram.com/telman_nagashbayev

    "Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза мадридтік "Реалмен" өткен тарихи кездесуден кейін нағыз ел мақтанышына айналды. Алматылық команданың қақпасын қорғаған жас футболшының ойынына көңілі толған қазақстандықтар оған ризашылығын білдіріп жатса, енді бірі су жаңа көлік сыйлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық танымал кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов тарихи матчтың ертесіне "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысына алғысын білдіріп, оған қымбат сыйлық тарту етті. Ол Шерхан Қалмұрзаға үлкен тосынсый жасап, Exeed автокөлігін сыйлаған.

    Шәріпов Instagram-дағы парақшасында көлікті табыстап жатқан сәтінен видео жариялады. Жас ойыншы мұндай сыйды мүлдем күтпегені анық байқалды. Ол біразға дейін сене алмай, тіпті көлік кілтін әрең қабылдады. Кейін асқан жомарттық танытқан кәсіпкерге алғысын айтты.

    Еске сала кетейік, Шерхан Қалмұрза УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы мадридтік "Реалмен" өткен матчта алматылық "Қайраттың қақпасын қорғады. Өкінішке орай, ойын 0:5 испаниялық команданың жеңісімен аяқталды. Десе де қазақстандықтар 18 жастағы қақпашының ойынына риза болды.

    Кездесу соңында Шерхан Қалмұрза "Реалдың " әйгілі қақпашысы Тибо Куртуамен футболка алмасты. Оған қоса мадридтік клубтың қақпашысы Instagram-дағы парақшасында Шерханмен түскен фотосын жариялап, оны белгілеп қойды.

    Белгілі кәсіпкер "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйға тарту етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.