jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Криштиану Роналду футбол тарихында алғашқы миллиардер атанды

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду: Yasser Bakhsh/Getty Images

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду кезекті рекордын орнатты, ол футбол тарихындағы алғашқы миллиардер атанды, деп хабарлайды Bloomberg-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның мәліметінше, Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду миллиардер атанған алғашқы футболшы. Bloomberg Billionaires индексі бойынша оның таза байлығы 1,4 млрд долларға жетті.

    Бұған 40 жастағы шабуылшының "Әл-Насрмен" 400 млн долларлық жаңа келісімшартқа қол қоюы әсер еткен.

    "Дәл қазір, мансабының соңында ол Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубымен құны 400 млн доллардан асатын жаңа келісімшартқа отырып, ең бай спортшылардың біріне айналды.

    Осылайша ол индекс нұсқасы бойынша мұндай мәртебеге қол жеткізген алғашқы футболшы атанды. Көп жылдар бойы ол үздік ойыншы атағына бәсекелес Лионель Мессимен шамамен бірдей жалақы алды. Бірақ 2023 жылы олардың табысындағы айырмашылық пайда болды", - деп жазады басылым.

    Криштиану Роналду футбол тарихында алғашқы миллиардер атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.