jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Басқа маңызды нәрсемен айналысамын": Жансая Әбдімәлік мансабына қатысты сұраққа жауап берді

    Жансая Әбдімәлік
    Жансая Әбдімәлік. Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik

    Танымал қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік желі қолданушыларының сауалына жауап берді, сұрақтардың бірі оның шахматқа қайта оралуына қатысты болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Спортшы Instagram желісіндегі оқырманымен сторис арқылы тілдесті.

    Желі қолданушыларының бірі Жансаяның шахматқа қашан оралатынын сұрады. Спортшы шахмат тақтасына әзірге оралмайтынын айтты.

    "Шахмат әрқашан менің өмірімнің бір бөлшегі болып қала береді, бірақ дәл қазір мен тағы бір маңызды кезеңді бастан кешіріп жатырмын: отбасы, ана болу және ішкі жан дүниемді қалпына келтіру. Шахмат тақтасына қайта оралғым келетінін сезгенде, ораламын. Егер қаламасам, демек басқа маңызды нәрсемен айналысамын", - деп жазды ол.

    Еске сала кетейік, тамызда халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік ана атанған еді.

    Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік 2023 жылы "Қазақмыс" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевке тұрмысқа шықты.

    2024 жылы спортшы әлеуметтік желіде спортты уақытша қоя тұратынын мәлімдеді. Әбдімәлік үзіліс жасау туралы шешім қабылдағанын, бірақ мансабын толығымен аяқтауды жоспарламағанын баса айтты.

    "Басқа маңызды нәрсемен айналысамын": Жансая Әбдімәлік мансабына қатысты сұраққа жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.