jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің президентімен кездесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Витольд Банькан
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Витольд Банькан. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударған.

    Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізген.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі түрде тәртіп бұзушылармен күресу және таза спорттың бірыңғай стандарттарын қолдау мәселесіндегі агенттіктің берік ұстанымына жоғары баға берген. Бұл спортшыларға ғана емес, әлемдегі миллиондаған жанкүйер үшін де өте өзекті.

    Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің президентімен кездесу
    Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің президентімен кездесу. Фото: Ақорда

    Бүгінде Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі жанынан допингке қарсы сынамалар зертханасы жұмыс істейді. Бұл – Орталық Азиядағы осы тектес жалғыз мекеме. Зертхана базасында Өңірлік допингке қарсы ұйым қызмет етеді. Оның құрамына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Моңғолия және Ауғанстан секілді елдер кіреді.

    WADA президенті Қазақстанның агенттік бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің спорт құрылымдарымен ықпалдастық деңгейі жоғары екенін атап өткен.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Витольд Банька ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыру, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің жауапты әрі сенімді серіктесі ретіндегі Қазақстанның мәртебесін одан әрі нығайту ниетін растаған.

    Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің президентімен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.