jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Аңыз адамдар": Көкшетауда кездескен Головкин мен Рахмонов көпшіліктің ықыласына бөленді (видео)

    Шавкат Рахмонов пен Геннадий Головкин
    Шавкат Рахмонов пен Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/kokshetautoday

    Даңқты спортшылар – Геннадий Головкин мен Шавкат Рахмонов Көкшетауда кездесті. Олардың кездескен сәтінен видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео Instagram-дағы kokshetautoday парақшасында жарияланды.

    Белгілі болғандай танымал спортшылар Көкшетаудағы жаңа спорт кешенінің ашылуына келген.

    "Спорт аңыздары Шавкат Рахмонов пен Геннадий Головкин жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне келді", - делінген жазбада.

    Танымал спортшыларды бірге көрген желі қолданушылары қуанышын жасыра алмай, жылы лебіздерін жаудырды.

    "Батырлар! Жарайсыңдар, жігіттер!", "Керемет, біздің сүйікті спортшыларымыз Көкшетауда", "Гена, Шавкат керемет", "Біздің чемпиондарымыз", "Қазақстанның мақтаныштары", "Батырлар Көкше өңіріне келіп қуантып жатыр!" - деп жазды желі оқырмандары.

    Сондай-ақ желіде жарияланған видеодан еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловты және Қаржы министрі Мәди Тәкиевті байқауға болады.

    Бас прокуратураның мәліметінше, бүгін Көкшетау қаласында "Көкше Арена" спорт кешені ашылған.

    Іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Берік Асылов спорт кешенінің пайдалануға берілуі мемлекет басшысының активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау аясындағы жұмыстың нәтижесі әрі "Әділетті Қазақстанды" құруға бағытталған жүйелі саясаттың бір бөлігі екенін атап өткен.

    "Аңыз адамдар": Көкшетауда кездескен Головкин мен Рахмонов көпшіліктің ықыласына бөленді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.