jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Дмитрий Бивол бұрынғы әйеліне қатысты іс бойынша сотта жеңіске жетті

    Дмитрий мен Екатерина Бивол
    Дмитрий мен Екатерина Бивол. Фото: instagram.com/bivol_kate

    Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Бивол өзіне жала жапты деп бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қатысты Санкт-Петербургтің Смольнин аудандық сотына жүгінген. Азаматтық істі қараған судья боксшының бұрынғы әйелін жариялаған жалған ақпаратты теріске шығаруды міндеттеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Санкт-Петербург сотына сілтеме жасап.

    Санкт-Петербургтің Смольнин аудандық сотында Дмитрий Биволдың Екатерина Биволға қарсы түсірген өтініші бойынша азаматтық ісі қаралды.

    Іс материалы бойынша Дмитрий Биволдан оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты шындыққа жанаспайды деп тану және жалған ақпаратты жоққа шығаруды талап ету туралы өтініш түскен.

    "2024 жылдың 16 қыркүйегінен 2025 жылдың 11 тамызына дейін жауапкер Ресей Федерациясында тыйым салынған Instagram әлеуметтік желісінде талапкерге қатысты жалған ақпарат жариялады, ал 2025 жылдың 21 шілдесінен 2025 жылдың 11 тамызына дейін Telegram мессенджерінде пікірлер мен мәтін түрінде жазба жариялады", - делінген сот құжаттарында.

    Сот спортшыны қолдап, жауапкер таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды және талапкердің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп таныды. Сондай-ақ сот Екатерина Биволға бұрын жарияланған ақпараттың теріске шығарылған нұсқасын барлық сайтта, әлеуметтік желідегі парақшаларында және жедел хабар алмасу арналарында жариялауды міндеттеді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрлігі Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелін біздің елімізге экстрадициялау мәселесін көтеретіні хабарланған болатын.

    Биыл қазанда Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

    Бұған дейін Екатерина Биволға Қырғызстанда іздеу жарияланған еді. Онда оған қатысты 330-бап, яғни "Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе аймақаралық араздықты (жанжалды) қоздыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Дмитрий Бивол бұрынғы әйеліне қатысты іс бойынша сотта жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.