Таиландта селфи жасамақ болған Франция футболшысы қайтыс болды
Опубликовано:
Франция футболшысы Алексис Вергос Таиландта селфи жасамақ болған сәтінде қайғылы жағдайға тап болып, қаза тапты. Бұл туралы Mirror басылымы жазды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Қайғылы оқиға Таиландтағы Самуи аралындағы Намуанг-2 сарқырамасының маңында болған. Ақпаратқа сәйкес, Вергос сарқыраманы суретке түсіріп тұрған сәтте аяғы тайып кетіп, бірнеше метр биіктіктен суға құлаған. Оқыс оқиға кезінде ол басын тасқа соғып алған.
Алғашқы сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, футболшы бас сүйегі жарақаттануы салдарынан көз жұмғаны белгілі болды. Алексис Вергос небәрі 22 жаста болған.
Басылым мәліметінше, құтқарушылар футболшының денесін судан шығарып, сарқыраманың етегіне жеткізген. Оқиға кезінде Вергостың қалыңдығы Романа да құлап кете жаздаған. Алайда ағаш бұтағынан ұстап үлгеріп, жазатайым оқиғадан аман қалған.
Алексис Вергос осыған дейін Францияның Бретань лигасында өнер көрсететін "Кемпер Эрге-Армель" клубының намысын қорғаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2330052-tailandta-selfi-zhasamaq-bolgan-frantsiia-futbolshysy-qaitys-boldy/