jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Әлемдік бокс аңызы: Серік Сәпиев әйгілі Теренс Кроуфордпен кездесуі туралы айтты

    Серік Сәпиев және Теренс Кроуфорд
    Серік Сәпиев және Теренс Кроуфорд. Фото: instagram.com/serik_sapiyev

    Бокстан Олимпиада чемпионы және Қазақстанның Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сәпиев әйгілі америкалық кәсіпқой боксшы Теренс Кроуфордпен кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ.

    Лондон Олимпиадасының чемпионы Instagram-дағы парақшасында бокс аңызы Теренс Кроуфордпен түскен суретін жариялап, онымен не туралы сөйлескенін айтты.

    "Кәсіпқойлар арасындағы абсолютті чемпион, жеңілмеген боксшы Теренс Кроуфорд. Әлемдік бокс аңызымен әлем чемпионатында кездестім. Біз, мен олимпиадалық бокста, ол кәсіпқой бокста кездескен ортақ қарсыластарымыз туралы әңгімелестік", - деп жазды Сәпиев.

    Бұл жазбаға желі қолданушылары жылы лебізін қалдырған.

    "Әлемдік бокс аңыздары", "Өз заманының нағыз чемпиондары", "Сіздің де кәсіби боксқа бармағаныңыз өкінішті, сіз де биіктен көрінер едіңіз", - деп жазды олар.

    "Әлемдік бокс аңызы: Серік Сәпиев әйгілі Теренс Кроуфордпен кездесуі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.