jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қайратпен" кездескен "Брюгге" футболистері Астанада түні бойы ұшақ күтуге мәжбүр болған

    "Қайрат" пен "Брюгге" ойыншылары
    "Қайрат" пен "Брюгге" ойыншылары. Фото: BRUNO FAHY / BELGA MAG / Belga / AFP via Getty Images

    Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі ойындары аясында бельгиялық Брюгге футбол клубы Астанадағы Қайрат командасымен өткен матчтан кейін еліне жоспарланған уақыттан шамамен бес жарым сағат кеш ұшқаны мәлім болды. Бұл туралы "Бірінші бол" хабарлайды.

    БАҚ мәліметінше, "Брюгге" футболшылары Астанадан ұшып шыға алмай, түні бойы әуежайда күтуге мәжбүр болған көрінеді. Оған ұшақтың қозғалтқыштарының қатып қалуы себеп болған.

    Аталған техникалық ақауға байланысты әуе кемесі таңертең ғана көкке көтерілген. Ал Бельгияға дейінгі ұшудың өзі сегіз сағатқа жуық уақытқа созылған. Жалпы алғанда, бельгиялық клубтың жолға жұмсаған уақыты 13 сағаттан асып кеткен.

    Естеріңізде болса, 20 қаңтарда Астанада өткен матч кезінде "Брюгге" "Қайратты" 4:1 есебімен жеңген еді. Бұл "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы алғашқы маусымы екені белгілі. Жеті турдан кейін жерлестеріміз плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылып, турнир кестесінің соңғы сатысына жайғасты.

    Топтық кезеңдегі соңғы ойында "Қайрат" 28 қаңтарда сырт алаңда лондондық Арсенал командасына қарсы өткізеді. "Брюгге" болса Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде 26-орынға тұрақтаған.

    "Қайратпен" кездескен "Брюгге" футболистері Астанада түні бойы ұшақ күтуге мәжбүр болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.