Қарағанды облысының әкімі тағы бір лауазымға ие болды
Опубликовано:
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа қоғамдық қызметке кірісті. Ол Қарағанды облысының үстел теннисі федерациясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды облысы үстел теннисі бойынша республикада жетекші орындардың бірінде.
Өңірде бұл спорт түрінің қалыптасқан бай дәстүрі бар: мұнда жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, Қазақстан чемпиондары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері даярланған. Сондай-ақ облыстан ұлттық, жастар және жасөспірімдер құрамаларының мүшелері шыққан.
"Алдағы уақытта жеңісті дәстүрді сақтау және оны одан әрі дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқару көзделіп отыр. Басымдық кәсіби спортты дамытуға және жоғары деңгейдегі теннисшілерді даярлауға беріледі.
Сонымен қатар бұқаралық спортты өркендетуге, халықты үстел теннисімен тұрақты түрде айналысуға тартуға және Қазақстан мен Қарағанды облысының халықаралық аренадағы спорттық имиджін ілгерілетуге ерекше назар аударылмақ", - делінген хабарламда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2337240-qaragandy-oblysynyng-akimi-tagy-bir-lauazymga-ie-boldy/