jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжал: қызметтік тексерік нәтижелері қандай

    Серік Сәпиев және Дәурен Есімханов
    Серік Сәпиев және Дәурен Есімханов. Фото: instagram.com/serik_sapiyev, instagram.com/daurenesimkhanov

    Қарағанды облысы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаменті жанындағы әдеп туралы кеңес Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың ісін қарастырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    NUR.KZ тілшісіне Қарағанды облысы мемлекеттік істер жөніндегі агенттік департаментінің баспасөз қызметі әдеп жөніндегі кеңес қызметтік тексеріс нәтижелерін қарастырғанын хабарлады.

    "Жанжал БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Мемлекеттік қызметкерлер ретінде олар қоғам тарапынан сынға ұшырады. Бұл әдеп кодексінің талаптарын бұзу болып саналады.

    Алайда бүгін, 2026 жылғы 2 ақпанда аталған тұлғалар өз еркімен қызметінен кету туралы арыз жазған. Заңнамаға сай, мемлекеттік қызметкерлер тек қана жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны немесе мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретіндей тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғанда ғана өз еркімен жұмыстан кете алмайды", - делінген жауапта.

    Бұл орайда аталған тұлғаларға қатысты дисциплинарлық істер қызмет әдебін бұзғаны үшін қозғалған, олар жұмысынан өз еркімен кез келген уақытта кете алады және оған қандай да бір шектеулер қойылмайды.

    "Осыған байланысты Әдеп жөніндегі кеңесте қозғалған дисциплинарлық істер тоқтатылды. Алдағы уақытта Қарағанды облысы әкімі аппаратына болашақта мұндай жағдайларды болдырмас үшін алдын алу нұсқаулықтары жолданады", - делінген департамент жауабында.

    Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжал: қызметтік тексерік нәтижелері қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.