jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Конькимен жүгіруден әлем чемпионатының жүлдегері Алматыда әскери борышын өтеп жүр (фото)

    Құдайберген Теміржанов
    Құдайберген Теміржанов. Фото: Қорғаныс министрлігі

    Конькимен жүгіруден жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және ел чемпионы Құдайберген Теміржанов Алматы гарнизонында әскери борышын өтеп жүр, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Құдайберген Теміржанов Алматы гарнизонындағы 78460 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметке шақырылған.

    Құдайберген Теміржанов сапта тұр
    Құдайберген Теміржанов сапта тұр. Фото: Қорғаныс министрлігі

    "Спортшы Қарулы күштер сапындағы қызметін спорттық мансабымен қатар ойдағыдай үйлестіріп келеді. Ол әскери қызметшілерге кәсіби және цифрлық дағдыларын дамытуға, шет тілдерін үйренуге және жоғары дене дайындығы деңгейін сақтауға мүмкіндік беретін "Сарбаз+" жобасы аясында қызмет етеді", - делінген хабарламада.

    Құдайберген Теміржанов
    Құдайберген Теміржанов. Фото: Қорғаныс министрлігі

    Қатардағы жауынгер Теміржановтың айтуынша, бұл жоба оған ағылшын тілін меңгеруге, IT бағыттарын және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды басқаруды үйренуге, сонымен қоса әскери бөлімнің спорт залында ұдайы жаттығуға мүмкіндік береді.

    Құдайберген Теміржанов
    Құдайберген Теміржанов. Фото: Қорғаныс министрлігі

    Таңертең ерте тұру, саптық және атыс дайындығы, далалық жорықтар секілді қарқынды әскери тәртіпке қарамастан, әскери қызметші ортаға тез бейімделіп, достар тапқан.

    Айта кетелік, Құдайберген Теміржанов конькиден спорт шебері, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогы кезеңдеріндегі жүлделі орындар алған.

    Құдайберген Теміржанов
    Құдайберген Теміржанов. Фото: Қорғаныс министрлігі

    Бұдан бөлек, 2024-2025 жылдары Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарында бірнеше мәрте жеңіске жетіп, жүлделі орындардан көрінген.

    Конькимен жүгіруден әлем чемпионатының жүлдегері Алматыда әскери борышын өтеп жүр (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.