jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астаналық мұғалім Абу-Дабиде чемпион атанды

    Нұрсұлтан Болат
    Нұрсұлтан Болат. Фото: Астана әкімдігі

    Астаналық мұғалім Нұрсұлтан Болат Абу-Дабиде өткен дзюдодан халықаралық чемпионатта алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    United Arab Emirates аумағында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге 50 мемлекеттің спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтаған.

    66 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Нұрсұлтан Бауыржанұлы жоғары дайындығын көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанған.

    "Халықаралық додада Қазақстан намысын қорғаған елордалық педагог көк туымызды желбіретіп, ел абыройын асқақтатты.

    Бұл жеңіс – тек спорттағы жетістік қана емес, ұстаз мәртебесінің биіктігін, педагогтердің жан-жақты дамыған тұлға екенін дәлелдейтін жарқын мысал", - делінген хабарламада.

    Айта кетелік, Нұрсұлтан Болат – Астана қаласының №106 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

    Астаналық мұғалім Абу-Дабиде чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.