jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан кикбоксингінің аңызы Сабыржан Махметов дүниеден озды

    Сабыржан Махметов
    Сабыржан Махметов. Фото: facebook.com/Kuat Yergaliyev

    Қазақстандағы кикбоксинг пен жекпе-жек спортының негізін қалаған, ең беделді бапкерлердің бірі Сабыржан Махметов дүниеден озды.

    Суыт хабарды журналист Қанат Ескендір жеткізді. Сондай-ақ бапкердің өмірден өткенін "Жекпе-жек" федерациясы да растады.

    "Бір заманның батыр ұлы еді...бұ кісі де келместің кемесіне мінді деген суық хабар жетті... Бақұл болыңыз, Сабыржан аға...", - деп жазды Қанат Ескендір Facebook-тегі парақшасында.

    Kazinform-ның мәліметінше, Сабыржан Махметов КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО әуе десант әскерінің (ВДВ СССР) үш дүркін абсолюттік чемпионы, ережесіз жекпе-жектен бірнеше дүркін әлем чемпионы болған.

    Агенттіктің жазуынша, қазақстандық жанкүйерлер Сабыржан Махметовті Қазақстан кикбоксингінің аңызы, жекпе-жек спортындағы тәжірибелі маман ретінде жақсы таниды.

    Ол елімізде спорттың осы түрін дамытуға зор үлес қосқан. Білікті маман Қазақстанның жекпе-жек федерациясының негізін қалап, оның жетекшісі ретінде ауқымды істер атқарған. 

    Сондай-ақ дүниежүзілік "Жекпе-жек" қауымдастығының президенті де болған.

    Қазақстан кикбоксингінің аңызы Сабыржан Махметов дүниеден озды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.