jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Петропавлдық мұғалім екі саусақпен кермеде тартылудан Гиннесс рекордтар кітабына енді (видео)

    Анатолий Висельский
    Анатолий Висельский. Видеодан кадр: instagram.com/viselskii

    Петропавлда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Анатолий Висельский Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, Анатолий екі саусақпен кермеде тартылып тұру бойынша әлемдік рекордты жаңартқан.

    Бұған дейінгі рекорд италиялық спортшы Марчелло Ферриге тиесілі болған. Ферри кермеде 2 минут 1 секунд тұрса, Висельский 2 минут 7 секундқа дейін ілініп тұрған.

    Анатолий рекорд жаңарту үшін екі аптадан аса тынымсыз жаттыққанын айтады.

    "Екі саусақпен ілініп тұру оңай емес, терісі жыртылады, ауырады. Екінің бірінің қолынан келе бермейді, ерік-жігер болуы керек. Менің бала кезден спортпен шұғылдануым нәтиже берді", - деді ол.

    Анатолий бұл спорт түрінен рекорд жасағандар бар екенін ойда-жоқта білген. Ол бірінші реттен-ақ әлемдік рекордтың нәтижесін қайталаған. Ал екі аптадан кейін Гиннесс рекордын жаңартқан. 

    "Қыркүйек айында өтініш беріп, жарты жылдан кейін сертификатты қолыма алып отырмын. Ресми түрде Гиннесс рекордтар кітабына ендім", - деді петропавлдық мұғалім.

    Анатолий Висельский Тайынша ауданы Макашевка елді мекенінің тумасы.

    11-сыныптан кейін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің дене шынықтыру факультетіне оқуға түскен. Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін туған ауылына келіп, мектепте 6 жыл дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған.

    Қазіргі уақытта Петропавлдағы № 5 орта мектепте мамандығы бойынша жұмыс істейді.

    Петропавлдық мұғалім екі саусақпен кермеде тартылудан Гиннесс рекордтар кітабына енді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.