Тоқаев Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ербол Хамитовты жеңісімен құттықтады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық.
Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2353740-toqaev-paralimpiada-oiyndarynyng-zhengimpazy-erbol-hamitovty-zhengisimen-quttyqtady/