jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин әскерде жүріп мерт болған бауырларын еске алып, көпшілікті елжіретті

    : UGC

    Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ұлыбританияның The Telegraph басылымына берген сұхбатында 16 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізетін жекпе-жегін кімге арнайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.

    «Кеңес Одағы күйрегеннен кейін өмір сүру қиын болды. Жұмыс табу оңай емес еді, бірдеңеге қол жеткізу үшін төбелесуге тура келді», - деп еске алды Геннадий.

    GGG-дің айтуынша, ағалары Вадим мен Сергей оны бала күнінде жасы үлкен балалармен төбелестіріп, өзін қорғауды үйретіпті. Өкінішке қарай бауырлары әскерде белгісіз жағдайда қаза болған.

    Тағы оқыңыздар: Атырауда мектепке сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр

    «Ол кезде мен балабақшаға баратынмын. Күнде әр түрлі баламен төбелесіп жүрдім. 10 жасқа толған кезімде ағам Вадим алғаш рет бокс залына алып барды, мен қатты ұруды білетінмін, сондықтан жаттықтырушы жекпе-жекке үнемі үлкендермен шығаратын. Боксқа алғаш рет ағаларым баулыды.

    Мен жекпе-жегімді соларға және әкеме арнаймын және өз отбасым үшін жұдырықтасамын», - деп түйіндеді сөзін Головкин.

    Головкин әскерде жүріп мерт болған бауырларын еске алып, көпшілікті елжіретті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.